Текст
01.10.2026
Қарттар күніне орай оқушылар ауылымыздың әжелерін мерекемен құттықтап, жылы лебіздері мен ақ тілектерін жеткізді. Ізгі шараның мақсаты – үлкенге құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Әжелеріміз оқушылардың ықыласына риза болып, ақ баталарын берді.





