Текст
06.10.2026
Оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту, ән өнеріне деген қызығушылығын арттыру және өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында «Ән жұмбақ» музыкалық сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылар әндерді әуенінен танып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Көңілді әуендер мен қызықты тапсырмалар сайысқа ерекше әсер сыйлап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Музыкалық сайыс оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, достық пен ұйымшылдықты нығайтқан жарқын шара болды!




